Posted in

ҚАНДЫ ҚАНМЕН ЖУДЫ

Өлген адамы үшін кісі өлтіріп, кек алды. * – Әлі де кеш емес, – десті біреулер. – Ендеше, қанды қанмен жуып, сол қатынның жоқтауын бір-ақ асырайық. С.Мұқ. * Тілемістің олай деудегі бір ойы – «балам не болар екен» дегендік еді. Егер өлер болса, қанды қанмен жуып, Шоқанды тірі жібермек емес. С.Мұқ. ~ Қанды қанмен жуамын депті Тыныбек,- деді бұл хабарды әкелген адам.- Бет алысы тым қатаң, түбі өзіңді өлтіріп қаныңды ішпей тынар емес. І.Ес. ~ Қанға жерік болып жүргемін жоқ, жиренгенім үшін қанды- қанмен жууға аңсарың ауады екен. Т.Рыс. * Амал жоқ, біреудің жалғызын шырылдатып алдына алып келгенде: «Арғын, найман бәріміз бір атаның баласы едік, қанды қанмен жуар жаулыққа бармайық. О.Бөк.