а) Ақтық демі біткенше айқасты; өліспей беріспеді, ымыраға келмей кетті. ә) Қиын-қыстау кезде табысты. ~ – Қанжығада көрісетін болдық! – деді Сейтен, соны айтты да, жігіттердің ортасына кіріп кетті. Ғ.Мүс. * Бөжей: -Жарайды, Майбасар, сөзім бітті. Мырза ағам сүйгеніңнен татарсың дегенде мойындаған жоқ едім. Көрісуге күн жақсы болсын, қоян сықылды қанжығада табысайық,- деп орнынан тұрып, дайын тұрған тамақты ішпей атына мініп үйіне қайтады. Әрхам Ысқақ. ~ – Иә, бәл- л- е- ем! – деді ернін жымқырып. – Қанжығада кездескеніміз біздің осы шығар! Қатты толқып, басына қан тепті. Есе қайтарар кездің келгенін қолмен ұстағандай анық сезінген. Ә.Асқ.
