Ашу қысып, ызаға булыққан адам туралы. * Қуғыншы Талғардай жайынға әкеліп қамап, өлімнің құшағына да айдап апарып тықты. Барлық қашқын болып жүрген күндерінде осы Талғар өткен күннен бастап, Бақтығұл қаны бұзылғандай болып қатты өзгеріп кетті. М.Әу. * Белгiлi, белгiлi емес, атақты, жай ғана атақты емес, даңқты сiлiмтiк Подоноктың кезектi ерлiгi туралы естiген сайын… қаным бұзылатын. Ақыры қолыма қалам алдым. М.Мағ. * Сыртқа шыға қашса, сөзге қалады. Қойны-қонышына тықса, тұла бойын тінтіп тауып алады. Онсыз да соғыстан аяғын жұлдырып, қаны бұзылып келген жігіт балдақпен қақ басқа бір қоюдан жүзі таймайды. Ә.Нұрп. * – Бір шалдың әуресі де жетеді ғой! Соғыста кәнтөжін боп, қаны бұзылған, арамның асы сонымен-ақ кетсін. Тұқымдарыңа арқа қонған, таза жүрмесең, ауыр болады, жарығым! Т.Сәу.
