Біреудің обалына қалды, ажалына себепкер болды. ~ – Мұны альтар тас деп атайды, – деді Борис стол тасты сипалап қойып. ~ Кәдімгі құрбандық беретін, талай қой мен жылқының қанын мойнына жүктеген тәу ету орны… C.Байх. ~ Кісіге қастық жасаса, досын дүниенің боғына бола, оққа байласа, кісі қанын мойнына жүктесе, табиғатқа өрт салса, қарақан
басының қамына бола Отанын сатып кетсе, қара бет болмағанда қайтеді! Ө.Кәр.
