Posted in

ҚАНЫНА ОРТАҚ БОЛДЫ

Біреудің өліміне қатысы болды, қылмыскермен сыбайлас болды. * Бабаң айтты: «Өлтірер жұмыс емес, Таспен атып өлтірмек – бұл іс емес.. Біреудің некелісін бұзбаған соң, Қанына ортақ болу дұрыс емес. Шәкәрім. * — Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ, Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ. Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның
қанына ортақ. Шәк. * Құлқын сəріден ымырт жабылғанша жалғыз өзі құла түзде сарылып, қоймен қой боп жүргені. Сонда да бір тəңір жарылқасын жоқ. Сонда да бір қойдың қанына ортақ бола алмайды. Ж.Айм. * Әсіресе ғарасат майданын ашып, Отан қорғау жолында талайдың қанына ортақ болды. Ел атып жатқан жаққа бұл да атты. О.Бөк. * ─ Бұлтара
алмады. Жәуке Сармантай баласының қанына ортақ болғаным рас деп, мойнына алды. Ашылмаған қылмысы қалған жоқ. С.Омар.