Posted in

ҚАҢБАҚТАЙ ҚАҢҒАЛАҚТАДЫ

Зыр қақты, ұшып-қонды, не істерін білмей әбігерге түсті. * Бағзыда асқар таудың бір шыңынан үзіліп түскен жұмыр тас күйіңе қайта орала алмайсын: жолағанды кесіп кетер өткір пышақтай қырың болса, су шайып, жел жалап тегістейді, зіл батпан салмағың болса, бір күні күзді күнгі қаңбақтай қаңғалақтап қалғаныңды өзің де байқамайсың. Ә.Кек. ~ Бірақ ондай жер адамдар қоғамында бар ма, жоқ па, болса қай қуысында екенінен мүлдем хабары жоқ. Сондықтан да қаракөлеңке көшеде бағыт-бағдарсыз, жел қуалаған қаңбақтай қаңғалақтап келеді. Е.Әлім.