Ұшып-қонды; зыр жүгірді; алып-ұшты, жеңілтектенді. Онда бір, мұнда бір соқтықты; далбасалап қалды. * Талай мүлік жерге аунап, қауқарсыздары құйынға ілесе қаңғалақ қақты. М. Байғ. * Қыз жел үйiрген қауырсындай қаңғалақ қақты. Ә.Ыб. *
Қалықтаған көк қағазды әуелі бір жігіт көрді, қалт тоқтап, таңырқай қарап сәл тұрды да: – Доллар! – деп айғай сап жүгіре жөнелді қаңғалақ қағып. Т.Сәу. * Үп еткен самалға мың сан көбелек қанат тосып, қаңғалақ қағып тұрған сәтінде көңіл масайып, дүниеде мұнан асқан жер жәннаты бар дегенге сене де алмас едіңіз. Қ.Мұқ. ~ Астын үстіне келтіріп дауыл
сапырған көк теңіздің тепкісінде жалғыз қайықшы қаңғалақ ойнайды. Б.Соқ. ~ Іле әуеден қаңғалақ ойнап келіп, алаң жиегіне топ ете түседі. Мұны көрген поп сілейіп тұрып қалады. Ж.Ауп. ~ Қос өкпеден дөп тиген оқ қойсын ба, киік жан дәрменімен қаңғалақ ойнап барып, қалпақтай түсті. М.Әбд. * Қаңғалақ ұрып, қыр кезген жанша, Теңізі ойдың толқымас еді,
Ең ұлы әуен шалқымас еді, Адамдар түнде ұйықтайтын болса. Е.Жүн.
