Posted in

ҚАПЕРІНЕ КІРМЕДІ (КІРІП ТЕ ШЫҚПАДЫ, КЕЛМЕДІ)

Түк көңіл аудармады, елемеді, ойына алмады. ~ Ит аузындағы тышқанға таласарын бейбақ басы бiлдi ме! Он үш жылдан берi серiк боп келе жатқан Ұшары тiрi тұрғанда басқа күшiк асырап баулимын деген ой қаперiне кiрмейтiн. Т.Сәу. * Қабірді қолмен қазбай, экскаватормен қазу керек деген оның қаперіне де кіріп-шықпаған, ондай болады деп тіпті ойламаған. Ш.Айт. * Ал атасының қазасына өз әйелінің келмей қалғаны қаперіне кіріп шығар емес. Қызық-ау, құдая тоба! Ш.Айт. * Бұл өлкеде әйелдiң шаруасын ер кiсiнiң iстеуi масқара, елестiп көрмеген өрескел жағдай екенi оның қаперiне кiрiп шығар да
емес. Б.Алд. *Ата намысы дегенді ел намысы деп түсінген зағиптар, айнала қоршаған азулы бөрілердің ортасында ертең өздерінің де осылай тұратынын ойламай, озбырлықтың жыртысын жырта жүргені кәперлеріне кіріп шықпайды. С.Жүн. *
Біреулері таңдай қағып бас шайқаса, енді біреулері мені боқтап, балағаттап жатыр. Бәрі де менің қаперіме келетін емес.
М.б.Т. * Бірақ, анау көзілдірігі жылтырап, қасы қиылып отырған бұйра шаш, аппақ сазандай Еркін менің ұлым-ау деген ой
өліп, қайта тірілсе де қаперіне кірмес еді… О.Бөк.