Posted in

ҚАПЫ ҰРҒЫЗДЫ (ҰРДЫ)

Күтпеген шабуылға ұшырап, санын соғып қалды. * Сегіз даусын көтере күлді. — Жігіттер, біз жау іздеп келе жатқан жоқпыз. Бізге керегі Мақпал емес пе? Ендеше Жабыны алдап басатын жөніміз жоқ. Қапы ұрғызып алмаймыз, алдына ашық барып, шынымызды жасырмай айтамыз… З.Шүк. * Айбас күйіп кетті. — Сендердің не түсініп келе жатқандарыңды білмеймін. Мақса-тымыз Мақпалды айырып алып қалу екен. Ала қой деп қарап тұрмас. Ендеше қапы ұрғызу керек оларды! З.Шүк.

  • «Қыз қашты!» деген хабар бұлардың құлағына жеткенде, ел қыстауға орнығып, қарбалас қыс қамына кірісіп кетіп еді. Қарлы жаңбыр үсті-үстіне жауып, зәрлі боран үдей түскен. Кедейлер қапы ұрып, сандарын соғып қалған. Ү.Жәл.