Posted in

ҚАР ЖАМЫЛЫП, МҰЗ ЖАСТАНДЫ (ҚҰРСАНДЫ, ТӨСЕНДІ, ЖАЛАДЫ)

Небір қиындықтарды бастан өткерді. * Әйтеке би ауданына қарасты Ұлғайсын деген ауыл жақта осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын бір кездері «мұз жастанып, қар жамылған» Назаралы әулие өмір сүрген екен. Ө.Алтынб. ~ Үнемі қар жамылып, мұз жастанудың зардабы ма, аяққа ревматизм түсіп, соның әсері жүрекке шапты да соңғы бір экспедицияда дәрігерлік комиссия оны командаға қоспай қойды. Қ.Ысқ. ~ Қар жамылып, мұз құрсанған шағын қала өзінің әлім– берім табиғи көркінен айырылып, бұйығып, бұғып қалған. С.Ом. * Құныскерей Қожахметовтің кеңестік жаңа саясатқа көндікпей, туған үйінен
жырақтау, қар жастанып, мұз төсену, жапанда жалғыз жортқан жолаушы атануының басты себебін қүлағы түрік, көне көз қарттар мен қалың халық бір-ақ себепке саяды. Ө.Әлімг. * Елден аулақ, көзден таса болып, қар жастанып, мұз төсеніп
жүріп, осы күнге қолымды әрең жеткізіп отырғанда, бұл талабыңды орындай алмаймын. Б.Жұм. * Мен өзім жаяу әскерде үш жыл қызмет еттім. Қар жастанып, мұз төсеніп, етігімізбен су кешіп жүрсек те ыңқыл-сыңқылды білмеуші едік. Б.Тоғ. ~ Жалғыздан жалғыз бейтаныс жаққа сапар шеге алмай, Бетпақдалада қыстай берген едi. Сексеуiл мен дүзгеннiң томарын кемiрiп, қар жастанып, мұз жалап, әйтеуiр, күн өткiзген. М.Қан.