Posted in

ҚАРА БАЙЫР

Арғымақ пен қазақы жылқыдан туған будан. ~ — Мына құнанның сиыр құйымшақ құла мәстегі қарабайырдың тұқымы — ау. С.Бег. ~ Екі жирен төбел қара байыр арғымақ шалысты бөлек әкетіп, қалған жуан тұғыр, біріқ жорға, жүрісті нағыз қазақы аттарды да реңіне қарай бөлектеп жатыр. Т.Рыс.

  1. Қарапайым, төмен сапалы. ~ — Ақанжан, біз бір елеусіз ғана қара байыр жұртпыз ғой. Шаруаға бас-көз бол деп сұраған соң, мен де көңілімді бір көтеріп қалайын деп келіп ем. С.Жүн.