Posted in

ҚАРА БАРҚЫН

  1. Қаракөлеңке, қараңғылау, көмескі. ~ Жемнің суын кешіп өтіп Шегелер Нарқамысқа ел жата кірді. Қарабарқын жұмсақ түн еді. Ауыл көшесі бос. С.Ел. * Қара барқын түнде баран мiнген жалғыз салт атты көлiгiн пысық аяңдатып, ауыл шетiне жақындай бере «Жеттiм бе, жетпедiм бе?» дегендей алдыға қарай емiне ұмсынып, онсыз да жүрiсiнен көңiлiн қалдырып көрмеген пырағына тақымын қыза түстi. К.Сегізб. * Жаулар жылқыға жеткенше, Тұщыкөл айналасындағы бар ауылдардың шуы бұл түннің айсыз, жұлдызсыз бұлыңғыр қара барқын аспанына қаулай жеткен. М.Әуез. * Шам жарығы түскен тастар тау сыртындағы тастай емес, қара барқын және тұтасқан жартастар тәрізді. М.Әу. ~ Дәл ұшына барып кене жабысқандай, оймақтай қара барқын тұсынан болымсыз бедер бiлiнедi. Ә.Ыбыр.
  2. Қалың, мол, щалғын. * Өңшең ақ көйлектердің жерге төгілген етектері тұтасып, қара барқын қынамалар қараңғыда ақ селеу мінгендей толқынып, шоқшоқ үкілер орман басындай жайқалып, жарасып келеді. Ж.Айм.
  3. Қарапайым, жүдеу. * Бұт артары жоқтар. Қыстаулықтың сыртында мінеу тұрған, алақандай жазаңға иіріліп қонып, бір-біріне ықтағандай тозығы жете жүдеген, қара барқын, құрым үйлер, сол кедей ағайындар. Ж.Ахм.