Posted in

ҚАРА БАСҚАНДА

Қырсық шалғанда (шайтан иектеп, албасты басып адамды жаман жолға түсіреді деген нанымға орай.) ~ Он үш жылдан берi серiк боп келе жатқан Ұшары тiрi тұрғанда басқа күшiк асырап баулимын деген ой қаперiне кiрмейтiн. Сөйтсе, тозбайтын темiр, озбайтын өмiр жоқ екен ғой. Қара басқанда, жығылған үстiне жұдырық боп, қиюы қашқан тiрлiкке кәрiлiктiң дөп келгенiн айтсайшы. Т.Сәу. ~ — Сонда сенiң сөзiңе иланбасам, ибамды бұлай шашпас та едiм. Қорлайтының бар, неге қойныма қол салдың? Қара басқанда әйелдiк әлсiздiкке жол берiппiн… — Сiлесi қата булықты. Ә.Ыбыр. ~ Бәрiнiң көкейiнде осы сұрақ тұр едi, бiрақ қайдан iздемек. Қара басқанда ол жiгiттiң мекен-жайын, әңгiме арасында болса да сұрамапты. Ә.Ыбыр.