Posted in

ҚАРА БОРАНДАТТЫ

Өрекпіген адуын мінез хақында. ~ Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар…» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде. Ж.Айм. ~ Шынға келгенде сол өрекпулер қаншалық даңғаза болғанымен, қолға іліне қоятын анық қылмыс табу қиын еді. Қара борандатып келгендегі арам ойы басқада. Т.Рыск. ~ Ал, егін егейік. Соны дұрыстап өсіре алармыз ба? – деп бишікеш кемиек шал қара борандата жөнелді. С.Смат.