Қабір; мола. * Ол селк етті. Нұртайжанның даусы ма екен қара жердің қойнынан шығып, азалы анасының құлағына жеткен? О.Сәрс. * Ақ жуып, жаназасын шығарып, арулап, әспеттеп, анасы — қара жердің қойнына тапсырдым. М.Мағ. * Арпалыста өткен мына ит жегір өмірдің ақырғы демі ертең бітіп, қара жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар астында көмілген әлгі із сияқты сен де зым-зия жоқсың. Ә.Нұрп. * Не себі боларын қайдан білейін, әйтеуір екі көзім жұмылып, қара жердің қойнына кіргенімше, тым құрса жауларым “әлі Базаралы тыйылған жоқ, жапырылған жоқ, бойсұнған жоқ!” деген дақпыртымен жүре берсін дейім. М.Әуез.
