Өлген адамды салт-дәстүрге сай жерлеу хақында. ~ Ақ жуып, жаназасын шығарып, арулап, әспеттеп, анасы — қара жердің қойнына тапсырдым. М.Мағ. ~ Жер қайысқан қалың жұрт жаназасына қатынасып, көз жастарын көлдетіп, қара жердің қойнына қимастықпен аттандырады. Ж.Шәк. ~ Әліпті қара жердің қойнына тапсырып, өлген аттың сұрпы еті мен азықты тас қуысына жасырып Ахтан бір қап нанды арқалап жолға шыққан. Ө.Кәр.
