Әлді, қуатты. ~ Шегенің көз алдына Мажанның жылқысын бағатын жетім бала сопақ сары Рысбек кеп тұра қалды. Қара күшке бар, бірақ су жүректеу момын бала еді Рысбек. С.Елу. ~ Қара күшке бар-ақ екен сабазың, алақанына түкіріп қойып, шірене тартқанда арба сықыр-сықыр солқылдады. Ырдуан артына он шақты қап жемді және тастады. М.Қаб. ~ Сатымен еңбектеп, қорқа-қорқа қасына бардым. “Қара күшке бар екенсің, мә, сыпыртқы, іші-сыртымды мес қып, қып-қызыл ғып сабап бер мені” деді таза қазақ тілінде. М.Қаб.
