Posted in

ҚАРА ҚОЖАЛАҚ

Әбден кірлеп, көң тартқан, сұры қашқан; сатпақ-сатпақ болған. * Әкем бір жолы бақайын үсітіп алды. Тағы бір күн иегі мен сол жақ бетін қатты үсітіп келді. Осы күнде беті қара қожалақ боп жүр. М.Әу. * Күн ұзақ далада ойнап, күлге аунаған тауық балапандарындай қара қожалақ болған шитімдей балаларын жуындырып … С.Жүн. * Бесбасбай-дың алдынан Бозорыс шықты. Екі беті үйіткен сирақтай ұйпа-тұйпа үсік шалган қара қожалақ. Қайратты-ақ жігіт еді. Бұл да сыр беріпті. З.Шүк.