Тағы хайуан, (көбінесе қасқыр туралы). ~ Енесінің соңында құлдыраңдап еріп жүретін ойыншыл кер жабағының даусын бірден таныды. Енді соны көп қара құлақ қанын судай шашып додалап жатқанын көргенде, қорқынышты мүлде ұмытты. Ө.Кәр. ~ Ол: – Сен, тәуібіңді құтқарып жібересің. Сонда қара құлақ біз болдық па? Бұл қалай?! – деген. Т.Әл.
- Жансыз, тыңшы, салпаң құлақ. ~ Оның үстіне Бизанов полкіне жіберген тыңшысы Төлебай деген жас жігіт арқылы және сұлтан-правительдердің аулындағы қара құлақтарының жеткізуі бойынша бұл жоспардың қалай орындалып жатқанын, сұлтан-правительдер қанша адам жинағанын, қай кезде аттанысқа шықпағы – бәрінен қанық отырған. І.Ес. ~ Жау әскері өткен жерлердегі өзінің қара құлақ тыңшылары арқылы ол Лебедев пен Ахметтің бет-бағдарын күні бұрын біліп алды. І.Ес.
