Posted in

ҚАРА ҚҰРСАҚ

Ашқарақ, тойымсыз. ~ Естіртетін, батылдықпен айтатын ары таза сақалдыны таппай жүрміз. Көпке жал-жая, қазы-қарталы көже үлестіру түгілі өз қазанының қаспағынан аспайтын қара құрсақ шалдар көбейді. Ж.Шәк. ~ Қаншалаған сұлулар жаны сүймейтін қортықтардың қойнында ақша үшін аймаласуда. Қаншалаған таланттар қара құрсақ мешкейлердің қол астында бүгежек қағып, құл болып жүр. Қаншалағандар ақша мен айға қолы жетіп тұр. Н.Абдыр.