Posted in

ҚАРА ҚҰРТТАЙ (ҚАЙНАҒАН, ҚЫБЫРЛАҒАН)

Қаптаған, быжыныған, көп. ~ Бұл ырғапты толтырып Мажанның қисапсыз үйір-үйір ықыласы, мыңғырған қара құрттай қойы, сандық өркеш келе-келе нарлары жүруші еді. С.Елу. ~ Шіркін-ай, мынау қара құрттай қайнаған жәрмеңке маңының қай жерінен қарап табамын» деп жер соқтым. С.Бег. ~ Бұрынғыдай қара құрттай қыбырлаған мал көрінбеген соң, анда-санда жырада, сайда, төбенің етегінде бүрісіп-бүрісіп отырған, томашадай қазақтың үш-төрт үйлі ауылдары көзге де көрінбей қалады екен. С.Сей.