Құжынаған көп, тығыз, ығы-жығы, қарақұрым, бас-аяғы байқалмайды. ~ Күн шілтері ыстық. Адыр-адыр, қоңыр таудың бір сайындағы қараша ауылда қара құрық жиылыс. І.Жан. ~ Әжесінің артын күткен кезде мұншалық көп қара құрықтың болғанын Абай өзі ұнатпаған. М.Әу. ~ …көлдің басы ың-жың, у-шу, ауыл-ауылдың түтіні ұрандасып,
ұласып, көл арнасын көк тұман басып тұр. О жерде, бұ жерде қара құрық, біреуді біреу біліп болар емес. Ж.Айм. ~ Қысты күні айдалада қоста жатып жылқы бағушы едік. Қара құрық қалың жылқыдан қалай аңдысақ та, күнара біржылқыны қасқыр жеп кететін болды. ҚЕ.
- Қалың, қою қараңғы, көмескі.~ Қара құрықта аттан айырылармын деп ел тараған соң Қартқожа байтал жағына барды. Ж.Айм. ~ Келсе, жардың басына жерошақ қазып, үш ауыл тасаттық беріп жатыр екен. Өлке қан, түтін сасиды. Қартқожаның етке зауқы соқты. Қара құрық. Түтін. Қазан. Ит. Бала. Ию-қию. Ж.Айм. ~ Қара құрықта аттан айырылармын деп ел тараған соң Қартқожа байтал жағына барды. Ж.Айм. ~ Алдымен қара құрық аспанға көз жібереді. Жұлдыз атаулы мұны өзіне тартып, маған қара, маған қара деп жамырай тіл қатқандай болады. Ө.Кәр. ~
…Қара құрық сағымда ақ жалаудай аласұрған ақ дәкелерді керме жіпке жайып жатып жас келіншек қырға көз тіккен күйі сүзіліп тұрып қалды… Қ.Ысқ. ~ Айналадағы құбылысқа өзіндік көзқарасымен үңіліп, Зарлықтың оқыс шешімге
келетін сәттерінен Күлмәш сескенеді. “Тәте десе, – дейді ол қара құрық аспанға көз жіберіп, – Жұлдыздарды қарашы. Біреуін іліп әперейін бе”. Ө.Кәр. ~ …пеш көмейін күңіренте суырып, қара құрық терезені қара жалаудай жалп-жалп сабалаған қара жел, сарнаған орман, зарлаған тоқал тамның төрт бұрышы, сол бұрышта солығын баса алмай өксуден шаршаған Өтеу… Қ.Ысқ. ~ Кешкі ымыртта қара құрық жел тұрды. Қара құрық сағымда иегімен көк тіреп, тастай қатқан тәкаппар шал тұр еді. Оның шақырайған жанарында уыт қалған, от қалған. Қ.Ысқ.
