Posted in

ҚАРА НӨПІР

Құжынаған, қалың, жер қайысқандай. ~ … соңына бірінен-бірі өткен қара сүлік тазы ертіп, қара жалдың басына қара нөпір қолымен опыр-топыр боп шыға келгенде қазақ ұлыстарының ең кемі бір жыл үзігін тулатар қара дауыл көтерілгендей болар еді. Ә.Кек. ~ Ай, осыны күткен болу керек, қара нөпір, қалың тобыр, тістері сақылдаған қу бастар қаптады дерсің. Е.Зейіп. ~ Би билеп жүрген қара нөпір қалың топтың арасынан байқай қалды да, жүрегі дір ете түсті. Ж.Самит.