Айналаның астан-кестенін шығарып, жайпап жіберердей құжынады. ~ Бұлар қара шыбын сияқты, жұқпалы ауруларды қара өрттей қаптататындар міне осындайлар, – деп әрі ақтала, әрі бір пәлені таяй сөйледі. С.Шәй. ~ Есенейі жоқ елді де ел екен, жұрт екен десеңіздер, қара өрттей қаптап келе жатқан жылқының бетін кейін бұрсаңыздар екен . Ғ.Мүс. ~ … ұлы дауа – уақыттың өз шипасымен көмескі тартқан қайғы – қасірет жайлары міне, енді дүрбіден көрінгендей тым ұлғайып, айқын елес береді де, сөнген сезімдерді қара өрттей лаулатады. С.Шәй. ~ … шілденің қауына еркін түскен қара өрттей дүрілдей лаулап келіп- келіп, дәл мына ақырғы сәтте бар сесінен, барлық қауқарынан кілт айырылып, тәлтіректеп қалыпты. С.Смат.
