Posted in

ҚАРА СОЙЫЛ

Шаш ал десе бас алатын содыр, бұзақы; біреудің жазалаушы қолшоқпары. ~ Бөрі десе – бөрі, үй басы өре түрегелетін шетінен қолшыл, қара сойыл азаматтары көп. Қ.Жұм. ~ Әсіресе аудан, обылыс басқарған партия, совет қызметкерлері, солардың арасында кейбір колхоз, совхоздың төрағалары, жергілікті советтің председателі және бригадірлар мен ферма меңгерушілері халыққа аса қатал, қара сойылға айналған. Т.Рыс. ~ Әйтеуір, беталды құла дүзде лағып келеді, лағып келеді… Дүние беймезгілде қапысын тауып тап болған қара сойыл барымташының алдына түскен малдай бытысып кеткен… Ә.Кек. ~ Тентек бидің қара сойылдарының тым-тырыс жатып алғанынан қорықты. Ә.Кек.

  1. Қазақы қару-жарақтың бір түрі. ~ Мұндай тығырыққа тірелгенде қаның қайнап, қара сойылға қарсы атылып, өз еркімен ажал құша алады. Ә.Кек. ~ Бұлар Текежанның үйіне жақындай берген кезде қарсы алдарынан қолдарында қатқан қара сойылдары бар еңгезердей екі жігіт талтаңдай басып шыға келді. Ә.Әб.