Posted in

ҚАРА СУДЫ ТЕРІС АҒЫЗДЫ

Пәрмені зор; айтқанын істетті; дегенін қылды. * Өткенде орайы келіп тұрған несібені аузымнан қақтың. Қара суды теріс ағызатын құдіретті мекеменің бір мықтысы: “Диірменмен соғысатын Дон Кихоттың заманы өткен, уақыттың ығытымен жүр, ана нән-нән зор кісілер туралы жазсаң – үй де сенікі, мемлекеттік сыйлықты қалпақпен қағып аласың, біз өз тарапымыздан бәрін реттейміз!” дегенде, не істедің? Т.Сәук. * Бір үйдің жанған оты, қайнаған қазаны өзіне ғана көз тіккен соң, қара суды теріс ағызатын қаракеттің қан мен терін қатар төкпей болмай қалды. Н.Дәут. * Өзгеден қорлық та көрген, өзі де реті келгенде тізесін нығарлай батырып отырған. Қара сөзбен қара суды теріс ағызған, бірақ тосылып қалған тұсы да ұшырасады. Т.Жұрт. * Кім менің қолымды қағады, көсе-көлденең тұрып көрсін, қара суын теріс ағызайын!— деп Батыраштың отты көзі кеңи түсті. С.Жүн. ~ Клубтың бастығы Ақаңнан бастап бас өнерпаз Байысхан, Қибатдолда қатарлы бірқатар адамдар бұрын «қара суды теріс ағызған», қайсыбірі ескіше бала оқыт қан сауаты жоғары ірі молла болғанымен діндарларды халық жауы ретінде ұстап соттаған кезде ақ сәлдесін тастай салып, партияға ілесіп қызыл билетін қойынға салып, туа біткен талантының арқасында ойын-сауық қуып кеткендіктен «сайтан молда» атанған нағыз «әртістер» еді. Ш.Рах.