Жылтыр қара. ~ Астына ылғи жалын тізесіне төгілтіп қара ат мініп, үстіне жалтыраған қара шапан киіп, қара бұйра күйек сақалды жалтырата тарап, соңына бірінен-бірі өткен қара сүлік тазы ертіп, қара жалдың басына қара нөпір қолымен опыр-топыр боп шыға келгенде қазақ ұлыстарының ең кемі бір жыл үзігін тулатар қара дауыл көтерілгендей болар еді. Ә.Кек. ~ Өңшең қара сүлік ат мінген бейтаныс меймандар ауыл шетіндегі Зердебайдың үйіне қарай беттеді. Ә.Кек. ~ …қос бүйірден салбыраған екі үзеңгі, шошақ ердің екі қасындағы едірейген екі тұқылынан қараңғы түнде Кабардинка қара сүліктей керемет әсем көрініп еді… И.Бун.
