Posted in

ҚАРА ТАБАН

Қара күшін сатып күнін көретін жарлы-жақыбай. ~ Тақаулы тамағында өткір пышақ, Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз. Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес, Болды ма қайран қазақ тастай жансыз? Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің, Құл болдың қара табан енді малсыз. Ортаға қамап алып қырып жатыр Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз. М.Жұм. * Сіз: «ауыл бұрынғыдай көше берсін» дейсіз, «қоныстанса ауыл ескі салтынан айрылады, егін егіп қара табан болады» дейсіз … С.Мұқ. ~ Ал сауаты аз, қара табан, бытырақ Тәтімовтің «майданда қызыл командир болды» деп абырой-атаққа ие болып, үстем жүргеніне іші күйеді. Бірақ оның абыройына нұқсан келтірерлік дәлелдер жоқ. С.Бег. * Қара табан бадырақ, Күнің туды жадырап. Егін салып, жер ексең, Бай боласың қазір-ақ,- деп әндетеді. С.Елу.