Posted in

ҚАРА ТАРТТЫ

ҚАРА ТАРТТЫ Жақын көрді, бауыр тұтты, пана іздеді. ~ Бұл ауылдың жігіттері жөнелгенін білгелі кетті ме, қаңсып бара жатқан соң насыбай іздеп кетті ме, әйтпесе ауыл көрсе шыдай алмайтын біреулер болып, қара тартып кетті ме, неге кеткенін Қартқожа сұраған жоқ. Ж.Айм. ~ «Елші жіберіп, алдаусыратайық» деген де болды. Аяқтап келгенде бөлінуге кісі шықпады, біріне-бірі қара тартып, не де болса бірге көруге бел байлады. Ж.Айм. ~ Қызыл өгіз де қара тартып еріп отырып, аман шықты. М.Әу. ~ Ендеше, ыққан жылқыға бұрынғы әдеті бойынша ес болып, дауыс беріп, өзіне таман қара тарттыруға мұршасы жоқ. М.Әу. ~ Мына тар заманда, енші айырмас иенде мал екеш малдың өзі соғыс емес, бітім іздепті, бірін-бірі қара тартыпты. М.Мағ. ~ Әлиді қара тартып көшіп келген Елахұн деген қызық мінезді ұйғыр бар еді. Сол бүгін таң атқалы енді көрінді… Ж.Ахм.