Posted in

ҚАРА ТІКТІ

Кісісі өлген үйдің қара шүберек байлап, аза тұтуы туралы. ~ Махамбет қашып барып Ансарыға Қамады Құрайышты Хұт тауында. Тас тиіп, омырылып екі тісі Қамза өліп, қара байлап тұрғанында. Қ.Әбдіқад. Кісісі өлген үй қара үйдің оң жақ белдеуіне қара мата тігетін болған. ~ Белдеуіне қара тіккен тұл үйдің Көз қаратпай іштей үнсіз ұлиды үн. С.См.