Көзге түртсе көргісіз қараңғылық. ~ Қыстаудан шығып қара жолға түстік. Қара түнек
ағаш артымызда қалып барады. Жел екпіні теке сақал селеуді болар-болмас қана қозғайды.
Б.Майл. ~ Терістік жағы қара түнек, қапырық ауа, қылтанақ жоқ, шөл даланың жиегі қара
қошқыл тарғыл тартып, күңгірт көрініп тұр. Т.Рыск. ~ Көз алдын көлкештеп тұрған қара
түнек аршылайын депті. Іргеден самал есті. Ә.Кек. ~ Қас қылғандай, тап осы шақта
тұңғиық қара түнектің бүкіл дүниені қаусырып алғанын қарашы. Б.Ыбырай.
- Азабы мол тірлік, ауыр тағдыр. ~ Басқа-басқа Үлкен Кісінің өзі ауыз ашса соларды қостап,
халқының өткен күні қара түнек еді; ата-тегінде бас көтерер адам болмай, қой соңында
қоңын күн тескен сорлылар еді деп зарлап қоя бермеуші ме еді? Ә.Нұрп. ~ Әсіресе
Ұмсынның болашағы – болжай алмайтын қара түнек. Б.Нұрж.~ Ол көбінесе сонау қара
түнек заманда өзі бар жастық өмірін жалшылық еңбекте өткізгенін еске алады. C.Бег. ~ Аяқ
астынан болған қаза Әлібекке, оның әйеліне қатты батты. «Құдай, Төлеуді алғанша, мені
алсаңшы», – деп Әлібек қара түнек қайғы үстінде отыр. Ә. Шәр.
