Posted in

ҚАРАЙЫП ҚАЛДЫ

Білгенін ұмытты. ~ Әрине, әйелге хат жазу деген қиын нәрсе… Әсіресе, көптен бері қалам орнына қолына мылтық ұстап жүрген адамға қиын. Оның үстіне қарайып қалмадым ба деп, өзің де сезіктене бересің. Еденде бұрқырап жатқан жапырақ қағаздар Васяның бар азабын түгел көрсетіп жатыр. Ғ.Мүс. ~ Мен бұған кәдімгідей жүрексіндім. Қолыма кітап ұстамағалы бірталай жыл. Шынымды айтсам, қарайып қалған едім. Б.Соқ. * Училищедегі білімім кәдеге аспай қалды. Әрі екі жыл бойы қарындаштың орнына автомат көтеріп жүгіремін деп қарайып қалсам керек. Ә.Асқ.