Posted in

ҚАРАПАЙЫМ ҚАРА (ХАЛЫҚ, ҚАРАША)

Көпшілік, қалың бұқара. ~ Төбедегі төреңнен даландағы қарапайым қараң артық. Өйткені ол түйілсе – екпін. Шамырқанса – толқын. С.Смат. ~ Әсіресе, қинап отырғаны, анау- мынау қарапайым қара халық өкілі – арат емес, пілдей бір әкімнің – тайшаның өмірі қыл үстінде тұрғаны ғой. С.Смат. ~ Былайғы бұратана ағайын, қарапайым қара халық аузын буған өгіздей. Ә.Асқ ~ «Қарапайым қарашаны басындырмаймын. Батырына тiземдi бiр батырып алсам, басқасы сескенiп жүретiн болады» деп iстеген бiр тәуекел осылайша жиған-терген беделiнен жұрдай қылған. К.Сег.