Алыстап кетті, артта қалдырды, жеткізбеді. ~ Бұл сөзге өзгенің көңілі дауалана ма, жоқ па, білмеймін, өз көңілім толмай-ақ қойды,—«анау адымы кең, ұзын сирақ неме шыға тартып, қарасын көрсетпей кетпесе не қылсын!» деп қауіптенем… С.Мұқ. ~ – Бірақ өзі жиналыста сөйлегенге мәстір. Өйтуіміз керек, бүйтуіміз керек деп сайрап жөнелгенде қарасын көрсетпей кетеді, ә? – деді әлдене жазып отырған жігіт. Ғ.Қаб.
- Жоғалып кетті, көрінбей қойды, ізін суытты. ~ С а л и х а. Әзірге секіре тұр. Ертең дегеніне жеткесін Нарқоспағың қарасын да көрсетпес. Қаларсың еңіреп. Т.Ахт. ~ Ортаға шам жағылды. Алдарына бір аңқа34 көк шай әкеліп қойған әйел қайтып қарасын көрсетпеді. Ү.Жәл.
