Posted in

ҚАРАША ҮЙ

Тұрмысы нашарлау кедей-кепшіктің қоңыр үйі. ~ Жыртық туырлықты қараша үйдің алдына Поштабайдың әйелі – Қарағыз он қой айдап келеді. С.Смат. ~ …көне тамдардың көбесі сөгілген ескі қаңылтыр шатыры қараша үйдің туырлығындай желпілдейді. Н.Сер. ~ Ақжарқын, сенгіш, әзілкеш қыз жел өтіндегі жалғыз қараша үйдей өзі өзінен қымтанып, бастырынып бітті, жер жарық болса, кіріп паналауды аңсай-тындай мүсәпір халге енді. Ж.Нәж.

  1. Байға, үлкен үйге түрлі қызмет ететіндердің баспанасы. ~ Қымызшылар ауылы мекендеген қыраттың үстіндегі биебау, керілген желілерге байланған құлындар, шелектерін көтеріп, қымыз ашытатын қараша үйге кіріп-шығып жүрген әйелдер көрінеді. К.Сег.