Алдап-арбап, тәуелді қылды. * Сылыңғырдай жігітті қармағына түсіргісі келіп, ындыны құрып жүрген арулар осы тұстан да табылмай қалмас. Қ.Жиенб. * Қазақтар бауырмал. Туыстарын сондай сыйлайды. Балта адасып жүр. Анау ортасы… қармағына түсірген топ басын айналдырып алған. С.Смат. * Жәуке өлгеннен бері Аралбай белең алып, мүлде құтырып кеткен. Қанипаны қалайда Әлидің қармағына іліндірем деп, еркін қимылға басқан. С.Омар. ~ Мүмкін болғанша, ел ішіне шыққан қызметкерлерді айналдырып қызылға шақырады. Алдымен қонақ асымен сыйлайды. Онан кейін басқа сый құрметін ұсынады. Кейбір албырт қызметкерлерді қармағына түсіріп алып арқа сүйеді. Осы сияқты алуан әдіспен торлайтын ел ішіне кездестік. С.Бег.
