Posted in

ҚАРТАЙҒАНДА КӘРІ БОЗ ЖОРҒА ШЫҒАРДЫ

Жасы келген адамға лайықсыз іске талпынып, елге күлкі болды. ~ Мәкіл әлі келмесе керек: “Кинода жүрген шығар! Айтпақшы, масқара болғанда, әлгі тойға ол да барып жүрмесін! Ал, мен… Қартайғанда кәрі боз жорға шығарыпты! — деген осы! О, сорлы көңіл, сорлы көңіл!” Ә.Тар. ~ Енді қайтсін, бір осыған бола шала бүлініп қартайғанда кәрі боз жорға шығарадының керімен бағын сынағаны елеп есіркеуге тұрарлық. Ө.Кәр.~ Шолпанның улы құшағында сең соққан балықтай соқтығып, у ішіп айныған адамдай елжіреп жатып Сәрсенбай: «Ой, сен кәрі боз, қартайғанда жорға шығарайын деп жүрсің- ау!» – деп ырс-мырс күлетін еді. М.Жұм. ~ Деген қылшылдаған жиырма бесін құдай қосқан қосағымен бөлісіп, қылымсының қабағына арбал- май бойын таза ұстағаны мұны былғанышқа ұрындырып теріс жолға түсіретін күнәкарлықтан қақпайлап, қартайғанда көрі боз жорға шығарадының кері ме дегенді жиі-жиі еске салып тоқтамға шақырғандай еді. Ө.Кәр.