Posted in

ҚАРЫН ШАШЫН АЛДЫ

Жаңа туған нәрестенің іште шыққан шашын қырқу (қырқынан шығару). ~ Басындағы ақ шүберек телпегінің астынан сабалақ- сабалақ майда түк жылтырайды. Шамасы, қарын шашын өздері алсын»,— деген- ау. Ә.Кек. ~ Бір сәт ұлын биік ағаш төсекке жатқызды да, қырқынан өлі шықпаған нәрестенің ұстара тимеген қарын шашын қырқып алып, әбдірені олай- бұлай ақтарып, тауып алған батсайының қиындысына тұмаршалап орады. С.Смат.