Аса көрікті; нағыз ару. * Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. Абай. * Шыңғыс хан оған мойын бұрды, сосын аузын ашқанынша мұрша бермей, сырттан Касар мергенді шақырды. — Сен осы анада дүниедегі қардай аппақ еті бар қаса сұлу кім деп едің? Ә.Кек. * «Қаса сұлуға тән жарасымнан жаратылған, мұндай сүйкімді, бұралып тұрған сымбатты, кербез келіншектің суретін ешқандай суретші келістіріп сала алмайды» – деп Уәссап парсы тамсана суреттеген Ергене – ойрат Құтуқабектің ұлы Төрелші мен Шыңғыс ханның кіші қызы Шешектен туған. Т.Жұрт. ~ «Қас» деген: шын, нағыз деген мағынада. Қазақ халқының: нағыз сұлу, нағыз батыр, нағыз жақсы, нағыз жау деудің орнына қаса сұлу, қас батыр, қас жақсы қас жау… деуі осыдан. С.Мұқ.
