Қатыгезденіп, жүрек жылуын жоғалтты. ~ Хиуа ханының қаһары оған бұрын ойлағанындай онша қорқынышты көрінген жоқ. Айбаршаның бір ауыз сөзі қартайып қасаң тартқан жүрегін жібіткендей, бойында тасқындаған қуатты сезінеді. Баяғы Нұртаймен жекпе-жекке шығатын бір кезіндегідей… жүрегі шайқас тілеп, алқына соқты. М.Әу. ~ Сырласпадық көптен біз, Келмей соған әліміз. Қасаң тартып кеткенбіз Қайыс болып жанымыз. Ғ.Қай. ~ Қайғыдан қажала-қажала қасаң тартқан көкірегі өксік ата иығы селк-селк етіп егілгенде көз жасы омырауын жуып кетті. Ө.Кәр.
