Posted in

ҚАСИЕТІ ҚАШТЫ

Өзіне тән игі ерекшеліктен айрылды. ~ Бас сауғалап анаған да, мынаған да еңкейе берсек қасиетіміз қашады. Т.Рыск. ~ Тілмар шешеннен сөз қала ма, суырылған біраз. Барып- барып зорға тоқтады-ау. «Би турашылдығынан қалса, дауды көбейтеді, хан әділеттен тайқыса жауды көбейтеді». Тағы не деді? «Иі қанбаған тері көн есепті, қасиеті қашқан жібек бөз есепті». Ө.Кәр. ~ Айыптап бақ. Ал апаң жігітті ұруға болмайды демеуші ма еді? «Қасиеті қашады» деп. Ж.Шағ.