Posted in

ҚАСҚЫРДАЙ (ҚАСҚЫРША) ШАПТЫ (ТАЛАДЫ, ТАРТТЫ)

Анталай келіп, бас салды; аяусыз талап, ығырын шығарды. ~ Кедей ауылдың қотанында жатқан қойларына Кеңесбайдың иті қасқырдай шауып, бір-екі қойын тамақтап кетеді. І.Есх. ~ «Күйеуім оқыған, тоқыған, білімді жігіт, мен болсам ине-жіптен басқаны білмейтін тігіншімін, не болдым, япыр-ау?» — деген сауалдар келіншекті қасқырдай тартты. М.Қаб. ~ Сел қаптап кеткен тасқындай Тұра ма заман асқынбай. Бір-екі қойдан қой алып, Адамдар шапты қасқырдай… Ш.Сар. * Кеңес өкіметі ауыр күйде төрт-бес жыл дәурен сүрді, жан-жағындағы жауы қасқырша шапты. І.Жанс. * Барша әлем босқындар әлемі, күштілер әлсіздерге, жуандар жіңішкелерге қасқырша шабатын тиым-тидаусыз тағылық әлемі секілденеді. Ғ.Біл. ~ Малды сен бағып жүрген жоқсың. Ана ауру шешенді күтіп ал! Мыналар қайтеді-ей, осылардың қамы үшін мен жиып әлек, ал бұларға салсаң қазір қасқырдай талауға әзір. К.Қазыб. ~ Әй, бірақ оған дейін де масасы құрғыр кісіні қасқырдай талап бітіретін шығар. Қ.Жұм.