Қазақ құқығы бойынша, айыпты артығымен төлету әдісі. ~ Құдай орайын келтіріп, бұлардың сапары оң болып, барымташылар өздері олжалаған малды қасына қосақ, соңына жетек дегендей артығымен қайтарады. Міне, бұл жай әлгі жолаушыларды «шынында бізді әулие қолдады» деген сенімге нық байлайды. Ұ.Досп. ~ Құдай бұйырса құрықтағың құтылады, келмеске кеткен ырзығың өзіңе толайымен оралады, қасында қосақ, соңында жетек дегендей артығымен қайтады» деп сарнап береді. Ұ.Досп.
