Posted in

ҚАТАРҒА ҚОСЫЛДЫ

Тетелесті, ел қатарлы болды. ~ Шекеден бір-бір-ақ қағып, атын жығып кету керек. Ол қайтадан ат тауып мініп, қатарға қосылғанша қашан! М.Әу. ~ Бірақ Үгедей мен Шағатай тұқымдарын қайтып қатарға қосылмайтын етіп, «тұрымтайлатып – тұсына, бозторғайлатып – бұтаға қонақтатып» жіберді. Т.Жұр.~ Ей, жамағат, кәрі суырылса тарландығы шығар, жас суырылса, бағландығы шығар. Кешегі Оспаннан қалған тұяқ марқайды. Қатарға қосылып отау иесі атанды. Ө.Кәр.

  1. Сауықты, сырқатынан жазылды, оңалды. ~ Ендігі көрерім мүгедектік пе? Мүмкін, ауруымнан қүлан-таза айығып, қатарға қосылып кетермін. Н.Кел. ~ Ол менің тезірек сауығып қатарға қосылғанымды ғана ойлайды. Ө.Кәр.