ҚАТАРЫНАН ҚАЛМАДЫ Ел қатарлы күн көрді; құрбы-құрдастарынан қалып қойған жоқ. * Бұрынғы бір жылдарда іштен кисе, түйіртпектері етті қышытқан мата, боз табылса, қуанған қатындар енді қатардан қалғылары келмей, құдайларын ұмытып «шыт көйлек кимейміз» деп басын шұлғыды… Ж.Ахм. * Мұны естіген Кузьма да жұмсарып, көкеме өз шалғысын ұсынды. Өзі қатарынан қалмай көкемнің қимылын бақылап, үйретумен болды. Б.Мом. * «Не де болса, Ғазизімді оқытайын, ел қатарынан қалмай адам болсын», — дейтін анаға … К.Сег.
