Posted in

ҚАТЕЛІККЕ ҰРЫНДЫ

ҚАТЕЛІККЕ ҰРЫНДЫ Әдептен жаңылды, адасты, дұрыс істемеді, ұятқа қалды. * Сөйтіп‚ түрме жастығын жеті жыл жастанып‚ жарма көжесі мен қара нанына жүрек жалғап келгенде‚ бір мүшел мерзімді араға сап аяғын шалыс басқанын бетіне салық еткені қырыққа келген қырқылжың шағында жанына қатты батты. Қ.Жұм. * Қателікке ұрыну Адамның туа бітті қасиеті дейді. Адам тек сол қателігіне өкініп Аллаға жалбарыну арқылы кінәсін жууы керек деп біледі. С.Елу. * Сана арқылы өзіне берілген ерікті пайдалануда адамдар қателіктен қателікке ұрынды. С.Елу.