Шаруаң болмасын, жайыңа жүр д.м. ~ Ендеше, біреуді кекеп-мұқамай жайыңа жүр. Мен айтсам Ерқанның тыққан малын айттым. Оған қимаң қышымасын. Ерқан дұрыс адам болса, өз малын өзі неге ұрлап тығады. Б.Майл. ~ Қаба сақалдың: «Шекара асамыз» дегенін естіген кезде шыдай алмай: – Бала- шағаңызды қайтесіз? – деп қалған. Бұл сөз Бандыға «Аузыңды бұзайын ба?! » дегеннен ауыр естілсе керек, бетіне ажырая қарап, зірк ете қалған: – Оған сенің қимаң қышымай- ақ қойсын! К.Сег.
