ҚИСЫНЫ БАР Ақылға қонады. * Жұмбақта айтылған диірменді бала «тіс» деп шешті дедік. Тісті диірменге ұқсатудың қисыны бар. Диірменде екі тас бар. Бірі астында, бірі үстінде. Екеуінің арасына бидай салынып, ұнталып ұн болады. А.Байт. ~ Соған, шамасы, арғын ағайындары апшиды екен ғой. Оның да қисыны бар шығар. Ә.Кек. * «Ән салып кәсіп еткен, содан күнелткен ата-бабаны көрген емен» деп соғатын өзінше бір қисыны да бар… Ә.Кек. * Ол кеткен соң Қымбатқа:- Жаңағы суқит не деп кетті? “Жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді” дегендей, соның сөзінің қисыны бар, – деп еді. Т.Рыск. * Егіздер басқалардан гөрі кең де, жылы бөлмеде, қастерлі «люксте» тұрады екен. Оның қисыны да бар. Қ.Жұм.
