Posted in

ҚИСЫНЫН ТАПТЫ

Жолын тапты, ретін келтірді. * …Алыстан сермеп, Жүректен тербеп. Шымырлап бойға жайылған… Қиядан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған… С.Омар. * I, ІІ Шөмекейлер. Ойбай-ау, есебін айтып, қисынын тапсаңдаршы. Қисынын тап, есебін айт! Пәледен құтылу қамын ойласаңшы күнбұрын. М.Әу. * Барат Құлжабекке шынын бiр-ақ ақтарып салып, қиыннан қисынын тауып, шығарар жалғыз жарылқаушысындай құрдасының бетiне сұраулы жүзбен қараған. К.Сег. * Текті тазы бұлайша барақы иттермен таласпаса керек еді. Оны да қисынын тауып, төбелеске араластырған — Олжабай, әрине. Қап, жүні жұқа, кірпияз неме оқыста бір жерін жарақаттап алып жүрер ме екен? Қ.Жұм.