Жанамалай өтті, соқпай кетті. * Соңғы үшеуі аз-ақ уақыттың ішінде өздерінен қиыс өтіп, Семейтау жаққа, жел жаққа жосытып айналып өтіп бара жатқан ұшы-қиыры жоқ қалың аттылар тобын көрді. М.Әу. * Оразбай мен Сәмен сиязда өздері жеңілген өкімді естіп, Абайдың тұсынан қиыс өте беріп, оған бір кінә сөз тастамақ болып еді. Оразбай Абайға түксие қарап, сәл тоқтай беріп, сол сөзін айтты. М.Әу. * Бөкеннің алдыңғы тобы өрге қарай сәл шалқып барып, машинаның алдынан елу метрдей қиыс өте берді. Қ.Жұм.
